"HALYK FINANCE" АҚ "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ-ның еурооблигацияларының шығарылымын орналастыру нәтижелерін жариялады

20.01.11 14:46
/KASE, 20.01.11/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ халықаралық облигациялары шығарылымының Бірлескен Жетекші менеджері мен Букраннерлері болып табылатын, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ- ның (Алматы) бүгін Қазақстан қор биржасына (KASE) ақпараттық хабарлама ұсынып, былай деп хабарлады. "Halyk Finance" АҚ шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан ары - Эмитент) еурооблигацияларын бастапқы орналастыру нәтижелерін жариялады. Қамсыздандырылмаған алғы борыштың ғалами еурооблигациялар (бұдан әрі - Облигациялар) 144А Ережесіне және S Қағидасына сәйкес шығарылды және 2011 жылдың 19 қаңтарында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ұзақ мерзімді еурооблигациялардың тікелей шығарылымымен нарыққа сәтті шықты. Қазақстандық заңнамаға сәйкес шетел мемлекеттерінің территориясында Облигацияларды орналастырумен қатар Қазақстан Республикасы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алу үшін қазақстандық инвесторларға ұсынылды. Сол күні өтінімдерді жинау аяқталғаннан кейін Эмитент өтелуге кірістілік бойынша кесімді бағаны 7,50% деңгейінде белгіледі. Шығарылмның жалпы көлемі 500 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық инвесторларға жалпы сомасы $36 млн. (немесе шығарылымның жалпы сомасынан 7,2%) құрайтын Облигациялар бөлініп берілді, ал KASE арқылы берілген, қазақстандық инвесторлар өтінімдерінің көлемі 463 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық инвесторлардың өтінімдері көлемінің 49,9% зейнеақы қорлары, 43,2% - банктер, 6,9% - брокерлік-дилерлік компаниялар және олардың клиенттері құрады. Төменде Облигациялар шығарылымының соңғы параметрлері келтірілген. -------------------------------------------------------------------- Эмитент: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Күтілетін рейтингтер: Ba3 (Moody’s), B+ (S&P), B+ (Fitch) Атаулы құн бойынша шығарылым сомасы: U.S.$500,000,000 Есептесулер күні: 2011 жылдың 28 қаңтары Өтеу күні: 2021 28 қаңтары Орналастыру бағасы: 98.263% Купон мөлшерлемесі: 7.25% Купонды төлеу күні: 2011 жылдың 28 шілдесінен бастап, әр жылдың 28 шілдесі мен 28 қаңтары Орналастыру кезінде өтеуге кірісітлік: 7.50% Купон сомасын есептеу кезінде уақытша база: 30/360 Шығарылым формасы: 144A ережесі / S қағидасы Деноминациясы: U.S.$200,000 немесе одан жоғары номинал, еселік $1,000 Сәйкестендіру нөмірлері (ISIN): XS0583796973 (Regulation S) US46627JAB08 (Rule 144 A) Бірлескен Жетекші менеджері мен Букраннерлері: Citi, Deutsche Bank және Halyk Finance Облигациялар мәртебесі: Алғы, қамсыздандырылмаған Реттеуші құқық: Ағылшындық Листинг: Лондон қор биржасы және Қазақстан қор биржасы -------------------------------------------------------------------- "Қазақстан Халық Банкі" АҚ клиенттерінің саны жағынан алда және ірі филиалдар желісі бар Қазақстан Республикасының жетекші банктерінің бірі болып табылады. Банк халыққа және корпоративті клиенттерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдеріне қызмкет көрсетудің кең спектрін ұсынатын, 13 еншілес компанияның басын біріктірген, "Halyk Group" қаржы тобына кіреді.