"Қант" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

18.01.11 14:35
/KASE, 18.01.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қант" АҚ (Тараз, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компания тіркеушісі "Зерде" тіркеушісі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C35690011 жай акцияларының жалпы саны 11 587 500 дана, артықшылықты KZ1P35690513 акциялар саны – 3 862 500 дана; - компанияның 6 890 131 жай акциясы және 10 423 акциясы орналастырылған; - компания өзінің 60 артықшылық акциясын қайта сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "GAS DEVELOPMENT" болып табылады, оның иелігінде компанияның 6 860 881 жай акциясы (компанияның орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,43 % немесе орналастырылған компанияның жай акцияларының 99,58 %) бар.