"БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

17.01.11 12:22
/KASE, 17.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "ДАР" орталығыі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C39700014 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 1 500 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банк" АҚ (Алматы) болып табылады, оның иелігінде компанияның 1 490 906 акциясы бар (компанияның жариялаған акцияларының жалпы санынан 99,39 %).