Tethys Petroleum Limited компаниясы (біріккен корольдік) қазақстанда "Калипсо" барлау ұңғымасының бұрғылануы басталды деп хабарлады

31.01.11 12:12
/KASE, 31.01.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands) 2010 жылдың 06 желтоқсанындағы баспасөз-хабарласын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Тетис Петролеум Лимитед (бұдан ары – "Тетис" немесе "Компания" (TSX:TPL)) Қазақстанда KBD01 ("Калипсо") барлау ұңғымасының бұрғылануы басталды деп жариялады. Тетис компаниясы кен орында ZJ30 бұрғылау қондырғысының мобилизациясын жүзеге асырды және анықталған "Дорис" мұнай кенінен солтүстік-батысында, шамамен 50 км орналасқан, перспективтік барлау учаскесінде ("Калипсо" деп аталатын) бұрғылау жұмыстарына кірісті. Аталған ұңғыманың жоспарланған жобалық тереңдігі 4000 метрді құрайды. ZJ30 бұрғылау қондырғысы 300 метр тереңдікке дейін бұрғылайды. Бұдан кейін бұрғылау бұдан да ірі ZJ70 "Телесто" қондырығысымен жалғастырылады. KBD01 ұңғымасы – Компанияның Кул-Бас блогында бұрғылап жатқан, тереңдігі жағынан бірінші барлау ұңғымасы. Қазіргі уақытта аумағы 7632 шаршы метрды құрайтын, Кул-Бас келісім- шарттық территориясы Аккулка келісім-шарттық территориясын қоршап жатыр. Мұнда компания "Дорис" мұнай кенін анықтаған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш мұнай кенінде бағалау жұмыстары, сондай-ақ жақын учаскілерде барлау жұмыстары жүргізілуде. Кул-Бас блогында көмірсутектік шикізатты барлау және өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге Келісім-шарттың бастапқы шарттарында барлаудың алты жылдық кезеңі және территорияның қайтарылуы және ұзарту мүмкіндігімен өндірудің 19 жылдық кезеңі қарастырылған. Жуырда Тетис Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрлігінен қолданыстағы келісім-шартқа өзгертулерді енгізумен территорияны бұдан ары қайтармай, барлау кезеңін екі жылға ұзартуға рұқстат алды. Барлау кезеңін ұзарту Тетиске аталмыш перспективалық учаскені зерттеуге қосымша уақыт береді. Нақтырақ ақпаратты алу үшін Tethys Petroleum Limited Инвесторламен жұмыс жасау жөніндегі Вице-президенті Сабин Россимен (Sabin Rossi) хабарласуыңызды өтінеміз TD Canada Trust Tower 161 Bay Street, 27th Floor Toronto N5J 2S1 Canada Офисі: +1 416 572 2065 Факсы: +1 416 572 2201 Электрондық мекен-жайы: info@tethyspetroleum.com Вебсайты: www.tethyspetroleum.com Мобильді сайты: http://m.tethyspetroleum.com Азиялық-Тынық мұхит аймағында: Анита Ван (Anita Wan) Quam IR жетекшісінің көмекшісі 3/F Fung House, 19-20 Connaught Road Central, Hong Kong SAR, PRC Қызметтік телефоны/факсы: +(852) 2217 2999 Электрондық мекен-жайы: anita.wan@quamgroup.com