ҚҚА "Сентрас Капитал" ЖШС-не "Коммеск - өмір" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның және "Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясы" ақ-ның сақтандыру холдингі мәртебесін алуға рұқсат берді

26.01.11 14:26
/KASE, 26.01.11/ – 2011 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) өзінің веб-сайтында http://www.afn.kz былай деп хабарлады. Агенттік Басқармасының 2011 жылдың 24 қаңтарындағы #6 қаулысына сәйкес "Сентрас Капитал" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Коммеск - өмір" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының және "Сентрас Иншуранс" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының сақтандыру холдингі мәртебесін алуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.