ҚҚА "Эксимбанк Казахстан" АҚ (Қазақстан) KZP02Y05C295 (EXBNb2) облигацияларын 2010 жылдың 07 маусымынан 07 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

25.01.11 13:54
/KASE, 25.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эксимбанк Казахстан" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 17 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 07 маусымынан 07 желтоқсанына дейінгі кезеңде "Эксимбанк Казахстан" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2010 жылдың 07 желтоқсанындағы жағдай бойынша аталған облиагциялардың 27 749 504 орналастырылмаған. Аталған облигациялар (KZP02Y05C295, EXBNb2; 100 тенге, 10,0 млрд тенге, 07.06.07 – 07.06.12; жартыжылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингіліе бағалауы жоқ бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы бойынша енгізілді.