"Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

20.01.11 14:03
/KASE, 20.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған (KZ1C00490017 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 100 000 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Альфа-Банк" ААҚ (Мәскеу, Ресей).