"Альянс Банк" АҚ (қазақстан) 2010 жылға өзінің KZ1P40310115 (ASBNp1) артықшылықты акциялары бойынша дивиденттер төлемі туралы түсініктеме берді

20.01.11 13:56
/KASE, 20.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банк" АҚ (Алматы) 2010 жылдың 19 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, хабарлады: цитата басы «Альянс Банкі» АҚ (ары қарай – Банк) Жарғысына сәйкес, Банктің артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер әрқайсысына 2 680 (екі мың алты жүз сексен) теңге мөлшеріндегі сома қаржылық жыл аяқталғаннан алғашқы 10 (он) жұмыс күні ішінде төленеді. Шығарылған және айналымдағы артықшылқты акциялардың жалпы саны 2,619,626 құрайды. Сондай-ақ, 1993 жылы 13 мамырда күшіне енген ҚР Акционерлік қоғамдар туралы заңының 22 бабы бойынша, меншікті капитал көлемі теріс болса немесе акциялары бойынша дивидендтер есептелуі салдарынан қоғамның меншікті капиталының көлемі теріс болса, дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді. Бұған қоса, 2010 жылдың 20 желтоқсанындағы шығыс № 04-01-14/1689/24523 ҚҚА түсініктеме хатына сәйкес, ҚЕХС бойынша 2010 ж. 31 желтоқсанда Банктің меншікті капиталының көлемі теріс болғанда, дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейтіні туралы растау алынды. 1993 жылы 13 мамырда күшіне енген ҚР Акционерлік қоғамдар туралы заңының 36 бабына сәйкес, заңнамада аталған жағдайларда артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлемеу шешімін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдауға құзырлы. Осыған байланысты Банктің артықшылықты акциялары бойынша 2010 жылға дивидендтерті төлеу мәселесі Банк акционерлерінің жалпы жиналысымен қаралатын болады, оның нәтижелері туралы Банк сәйкес баспасөз релизінде хабарлайды. Сонымен бірге, Банктің меншікті капиталын ҚЕХС сәйкес келтіру мақсатында әрі жоғарыда айтылған жағдайды шешу үшін бүгінде Банк сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруда. Қосымша мәліметтер алу үшін Банктің Капитал нарықтарымен жұмыс және инвесторлармен өзара әрекеттестік жөніндегі басқармасына хабарласыңыз: Тел. +7 (727) 258 40 40 (ішкі 52891) E-mail: IR@alb.kz www.alb.kz цитата соңы