"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

10.01.11 12:46
/KASE, 10.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "КАЗРЕЕСТР" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C57830016 жай акциялары) жалпы саны 150 000 000 дана; - компанияның 136 580 751 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орталяқ Азия отын-энергетика компаниясы" АҚ (Алматы) болып табылады.