"Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC4Y10B190 (HSBKb7) облигациялары бойынша 12-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

05.01.11 12:55
/KASE, 05.01.11/ – "Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2010 жылдың 31 желтоқсанында өзінің KZPC4Y10B190 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, HSBKb7; 1 теңге, 4,0 млрд теңге, 31.12.04 – 31.12.14, жылдық 7,50 % жартыжылдық купон, 30/360) он екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 150 000 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.