ҚҚА "RESMI" компаниялар тобы" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру нәтижелерінің есебін бекітті

10.01.11 12:40
/KASE, 10.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "RESMI" компаниялар тобы" АҚ (Алматы, бұдан әрі - компания) Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚҚА) 2010 жылдың 30 желтоқсанындағы хабарламасының көщірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес: - ҚҚА компанияның акцияларын орналастыру нәтижелерінің есебін бекітті; - шығарылым 25 500 000 жай KZ1C58080017 және 8 500 000 артықшылықты KZ1P58080113 акцияға бөлінген; - компнаия акцияларын шығару Эмиссиондық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5808 нөмірімен тіркелді; - 2009 жылдың 30 қазанындағы жағдай бойынша компанияның 509 071 жай және 8 500 000 артықшылықты акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 289 395 000 теңге көлемінде қалыптастырылған.