ВТБ БАНК АҚ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ ЖҮЙЕСІНІҢ 2011 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАҢТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ҮЗІНДІ КӨШІРМЕСІН KASE-ГЕ ҰСЫНДЫ

24.01.11 12:01
/KASE, 24.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "РЕЕСТР-СЕРВИС" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған (тек KZ1C57060010 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 900 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банк" ААҚ (Санкт-Петербор, Ресей) болып табылады.