"Kaspi Bank" АҚ KZPC1Y07B465 (CSBNb5) облигациялары бойынша 13-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,70 % құрады

21.01.11 12:01
/KASE, 21.01.11/ – "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC1Y07B465 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CSBNb5; 20 000 теңге, 3,5 млрд теңге, 20.01.05 – 20.01.12; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) он үшінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,70 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 20 қаңтарына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,00 % пайызды құраған.