2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап "РТ Холдинг" АҚ (Қазақстан) KZ2P0Y05C439 (KSMKb1) және KZPP1Y05C357 (KSMKb2) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды

31.01.11 11:30
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап "РТ Холдинг" АҚ (Алматы). мынадай облигациялары (KASE ресми тізімінен шығарылды: - KZ2P0Y05C439 (KSMKb1; 1 000 теңге, 1,3 млрд теңге; 20.03.07 – 20.03.12, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,90 %; 30/360); - KZPP1Y05C357 (KSMKb2; 1 000 теңге, 1,3 млрд теңге; 06.11.07 – 06.11.12, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,90 %; 30/360). KASE 2011 жылдың 20 қаңтарындағы тұжырымдамасында 2011 жылдың 06 қаңтарында аталмыш облигациялардың KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатында болу мерзімі аяқталғандығы мәлімделген. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі Агенттік Төрағасының "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы тізіміне енгізілген немесе енгізілуі болжанған бағалы қағаздары бар эмитенттер мен осындай бағалы қағаздарға талаптар бекіту туралы" 2008 жылдың 08 мамырындағы # 04.2-09/119 бұйырығына берілген Қосымшасының 13-9 тармақшасына сәйкес, борыштық бағалы қағаздардың "буферлік санат" санатында болуының максималды мерзімі борыштық бағалы қағаздары "буферлік санат" санатына ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап 12 айды құрайды. Қазіргі уақытқа дейін "РТ Холдинг" АҚ аталмыш облигацияларды ұстаушылардың алдында өзінің қарызын өтеген жоқ, оның бағалы қағаздарын аталған Қосымшаның 13-9 тармағында белгіленген, мерзімде "буферлік санат" санатына ауыстыруға әкеп соқтырған, негіздерді жойған жоқ. Жоғарыда айтылғанның негізінде және аталған Қосымшаның 13-9 тармағының 7) тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингіленген. KZ2P0Y05C439 облигациялар KASE ресми тізіміне "В" санаты бойынша 2007 жылдың 20 науырызынан бастап енгізілген, 2007 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "А" санатына ауыстырылды, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап санаттың екінші санатшасына, ал 2010 жылдың 06 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2007 жылдың 21 науырызынан бастап ашылды. Аталмыш акциялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілеле бойынша) 9,00 және 50,00 % аралығында құбылды. KZPP1Y05C357 облигациялар KASE ресми тізіміне "А" санаты бойынша 2007 жылдың 06 қарашасынан бастап енгізілген, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап " Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына ауыстырылды, 2010 жылдың 06 қыркүйегінен бастап санаттың екінші санатшасына, ал 2010 жылдың 06 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстырылды. Аталмыш акциялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілеле бойынша) 8,77 және 80,07 % аралығында құбылды.