/Қайталау/ "Қазақстан Халық Банкі" АҚ халықаралық облигациялардың ықтимал шығарылымы аясында әлеуетті инвесторлармен болатын кездесулер туралы хабарлады

13.01.11 10:49
/KASE, 13.01.11, 10.01.11 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын, "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) KASE-ге ақпараттық хабарламаны ұсынып, былай деп хабарлады. Ba2 (Moody’s) / B+ (Standard & Poor’s) / B+ (Fitch) рейтингілері берілген "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Бірлескен Жетекші Менеджерлер мен Букраннерлер ретінде Citi, Deutsche Bank және "Halyk Finance" АҚ-на, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ халықаралық облигацияларын алдағы уақытта нарықтық шарттарға қарай ықтимал орналастыруға байланысты, 2011 жылдың 10 қаңтарынан басталатын, әлеуетті инвесторлармен кездесулер ұйымдаруды тапсырды. Тұрақтануы: FSA/ICMA. "Halyk Finance" АҚ әлеуетті қазақстандық инвесторлар үшін 14 қаңтарда Алматы қаласында Алматы уақытымен 15.00-де Абай даңғылы, 109 "В", 5-ші қабат, 503 б. мекен-жайы бойынша презентация өткізетіндігін хабарлайды. Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу және презентацияға қатысуға тіркелу үшін "Halyk Finance" АҚ-ның өкіліне хабарласуыңызды сұраймыз: Охонов Фархад тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: farhado@halykbank.kz . "Қазақстан Халық Банкі" АҚ клиенттерінің саны жағынан алда және ірі филиалдар желісі бар Қазақстан Республикасының жетекші банктерінің бірі болып табылады. Банк халыққа және корпоративті клиенттерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдеріне қызмкет көрсетудің кең спектрін ұсынатын, 13 еншілес компанияның басын біріктірген, "Halyk Group" қаржы тобына кіреді. Америка Құрама Штаттарында, Аустралияда, Канадада және Жапонияда, тікелей немесе жанама тәсілмен, таратылуға жатпайды. Осы құжат (сондай-ақ құжаттағы ақпарат) АҚШ-та, Аустралияда, Канадада және Жапонияда немесе бағалы қағаздардың ұсыну заңсыз болып табылатын басқа да кез келген юрисдикцияларда сатылымға ұсынылған аталмыш бағалы қағаздардың ұсынудың бір бөлігі болып табылмайды. Осы құжатқа негіз болған бағалы қағаздар толықтырулары мен өзгертулері бар бағалы қағаздар туралы АҚШ-тың 1933 жылғы Заңына ("Бағалы қағаздар туралы заң") сәйкес тіркелмеген және тіркелмейтін болады, және АҚШ тұлғаларының есебінен немесе пайдасына Америка Құрама Штаттарында сатып алынуға немесе сатылымға ұсынылмайды, егер де аталмыш бағалы қағаздар Бағалы қағаздар туралы Заңда қарастырылған қағидаларға сәйкес тіркелмеген немесе тіркелуден босатылған жағдай орын алмаса. Бұл ретте Америка Құрама Штаттарында бағалы қағаздарды көпшілікке ұсынуды өткізудің қандай да мақсаты жоқ. Осы хабарлама Біріккен Корольдіктен тыс жерде орналасқан (i) тұлғаларға, 2005 ж. Бұйрықтың (бұдан әрі - "Бұйрық"), 2000 жылғы Қаржылық қызмет көрсету және қаржы нарықтары туралы заңының (Қаржылық жәрдем) 19(5) Бабындағы анықтамаға сәйкес, инвестициялар мәселесінде кәсіби тәжірибесі бар тұлғаларға (ii) немесе Бұйрықтың 49(2) Бабындағы анықтамаға сәйкес ірі жеке капиталы бар (iiі) тұлғаларға және бұл хабарлама заңны негізде берілуі мүмкін басқа (iv) тұлғаларға (мұндай барлық тұлғалар бұдан әрі бірлесіп "тиісті тұлғалар" деп аталады) таратылады және оларға арналады. Осы хабарламаға қатысы бар кез келген инвестициялық әрекет тек тиісті тұлғаларға ғана қол жетімді. Тиісті тұлға болып табылмайтын кез келген тұлға осы құжатқа сәйкес әрекет ете алмайды немесе құжатқа немесе оның мазмұнына жүгіне алмайды.