"Төрт-Құдық" кен-байыту комбинаты" АҚ (Қазақстан) байыту фабрикасын қайта құрылымдау бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуының аяқталуы туралы хабарлады
24.01.11 11:43
/KASE, 24.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Төрт-Құдық" кен-байыту комбинаты" АҚ (Астана)
Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады.
2010 жылы "Төрт-Құдық" кен-байыту комбинаты" АҚ байыту фабрикасын қайта
құрылымдау бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын аяқтады.
98 %-ға дейін металы бар, соңғы өнім – лигатурлық алтынды алуға мүмкіндік
беретін, "қойыртпақтағы көмір" инновациялық технологиясы орнатылды.
2007-2010 жылдары жобаны жүзеге асыруға жұмсалған инвестициялар 1,029
млрд.теңгені құрады. Аталмыш технология бұрындары тиімсіз әрі келешексіз
болып саналған, аймақтың жақын орналасқан кен орындарын қайта өңдеуге
тартуға мүмкіндік береді. 2010 жылы "Байыту фабрикасын қайта құрылымдау"
жобасы Индустриализациялаудың Республикалық Картасына енгізілген
болатын.
2011 жылдың қаңтарында "Тау-Кен Самрұқ" Ұлттық тау-кен компаниясы
"Төрт-Құдық" кен-байыту комбинаты" АҚ-мен Ешкеөлмес" алтын алу
орындарын бірлесіп игеру туралы меморандумға қол қойды.