"БТА БАНК" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЕНШІЛЕС ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМЫ "БТА ИПОТЕКА" АҚ KZPC1Y07B648 (BTAIB7) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 12-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 8,80 % ҚҰРАДЫ

11.01.11 11:34
/KASE, 11.01.11/ – "БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC1Y07B648 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, 100 теңге, 4,0 млрд теңге, 13.07.05 – 13.07.12; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) 2011 жылдың 13 қаңтарынан бастап 2011 жылдың 12 шілдесіне дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,80 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 13 қаңтарына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,80 % пайызды құраған.