"БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (ISIN – KZ2P00000235, BKKRb1) облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.01.11 11:22
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы шешімімен 2011 жылдың 28 қаңтарында KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "БЕККЕР и К" ЖШС USN97708AA49, KZ2P0Y05D940 облигациялары ISIN – KZ2P00000235, 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге, 5 жыл; жартыжылдық купон жылдық 10 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағындағы шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "БЕККЕР и К" ЖШС қаржы кеңесшісі "ИФГ КОНТИНЕНТ" АҚ (Алматы) болып табылады. "БЕККЕР и К" ЖШС тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға BKKRb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "БЕККЕР и К" ЖШС қызметінің негізгі түрі – ұн тарту өндірісі, жылжымайтын мүлік нарығындағы қызмет, саудалық-сатып алушылық, экспорттық-импорттық операциялары жүзеге асыру. Осы облигациялардың шығарылымы және олардың эмитенті туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады.