"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

12.01.11 11:10
/KASE, 12.01.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген, "БТА Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C34920013 жай акцияларының жалпы саны 55 258 029 745 дана, артықшылықты KZ1P34920119 акциялар саны – 100 000 дана; - банктің 44 209 411 924 акциясы орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - банк өзінің 385 741 255 акциясын қайта сатып алды; - "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) атаулы ұстауында банктің 7 072 950 648 жай акциясы бар (банктің орналастырған акцияларының жалпы санынан 16,00 %); - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ- Қзына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 36 021 892 863 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 81,48 %) бар.