Zhaikmunai Finance B.V. (Нидерландылар Корольдігі) USN97708AA49, US98951QAA31 (NL_ZHMNe1) халықаралық облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.01.11 11:28
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы шешімімен 2011 жылдың 28 қаңтарында KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша Zhaikmunai Finance B.V. (Амерсфорт) "Жайыкмұнай" ЖШС (Орал) толық кепілідігмен шығарылған, USN97708AA49, US98951QAA31 халықаралық облигациялары ($450,0 млн; 19.10.10 – 19.10.15, жартыжылдық купон жылдық 10,50 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағындағы шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары тізілімін жүргізуді Citigroup Global Markets Deutschland AG жүзеге асырады. Аталмыш облигациялар бойынша негізгі төлемдік агент Citibank N.A. (Лондон) болып табылады. Трасттік агенті Capita Trust Company Limited болып табылады. Аталмыш облигацияларға NL_ZHMNe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Жайыкмұнай" ЖШС қызметінің негізгі түрі – геологиялық, геофизикалық және геохимиялық түсірілім. Осы облигациялардың шығарылымы және олардың эмитенті туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады.