/KASE, 26.01.11/ – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) хадықаралық
облигациялары шығарылымдары бойынша Бірлескен Жетекші Менеджері
болып табылатын, "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес
ұйымы" АҚ (Алматы) Биржаға ресми хабарлама жолдап, шетелдік мемлекет
заңнамасына сәйкес тіркелген, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
облигацияларының жоспарланған бастапқы қосымша орналастырылуына
қатысуға KASE қор нарығы мүшелерінен өтінімдер қабылдауды бастағанын
хабарлады.
Төменде аталған облигациялардың параметрлері, сондай-ақ Halyk Finance"
Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" АҚ-ның Биржаға ұсынған,
облигацияларды Қазақстанда сатып алуға ұсыну тәртібі келтірілген.
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығында әлеуетті
инвесторлардан өтінімдерді қабылдау, бағалы қағаздардың тиісті
нарықтарына тән, ерекшеліктерді ескере отырып, шетел мемлекетінің
территориясында облигацияларды қосымша орналастыру шарттары сияқты
аталмыш облигацияларды қосымша орналастыру бағасын анықтау
шарттарымен жүзеге асырылады.
ОБЛИГАЦИЯЛАР ПАРАМЕТРЛЕРІ:
--------------------------------- -------------------------------------------
Эмитент атауы: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
Облигацияның қысқаша сипаттамасы: 144А Ережесіне және S Қағидасына сәйкес
шығарылатын, қамсыздандырылмаған алғы
борыштың ғалами Облигациялары
Облигацияның атаулы құны:
$200,000 немесе одан жоғары номинал,
еселік $1,000
Күтілетін рейтингтер: BBB (S&P), BBB- (Fitch) және Baa3 (Moody's)
Қамсыздандырылуы: қамсыздандырылмаған
Шығарылым және қызмет
көрсету валютасы: АҚШ доллары
Қосымша орналастыру 277 млн. АҚШ доллары
мөлшері:
2010 жылдың
желтоқсанындағы бастапқы 500 млн. АҚШ доллары
орналастыру мөлшері
Өтеу датасы: 2015 жылдың 20 желтоқсаны
Купон мөлшерлемесі: 5,50%
Қосымша орналастыру кезінде
өтеуге кірістілігі: жылдық 4,95%
Есептесулердің кұтілетін 2011 жылдың 01 ақпаны
датасы:
Қосымша ақпарат: Облигациялардың шығарылым
аңдатпасының ағылшын тіліндегі
нұсқасымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ
сайтында мына сілтеме бойынша танысуға
болады
http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkzf9_e6_2010_e.pdf
-----------------------------------------------------------------------------
ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫП АЛУҒА ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ТӘРТІБІ:
-----------------------------------------------------------------------------
Өтінімдерді қабылдау күні: 2011 жылдың 26 қаңтары
Өтінімдерді қабылдауды Алматы уақытымен 12:00
бастау уақыты:
Өтінімдерді қабылдауды
аяқтау уақыты Алматы уақытымен 13:00
Өтінімді беру тәсілі: жабық
Есептесулерді өткізу Есептесулер күні облигацияларды сатып
шарттары: алушы өзі сатып алған облигациялардың
төлемін жасау үшін "Halyk Finance" АҚ
брокерлік шоттарында немесе басқа білікті
брокерлер немесе кастодианттар
шоттарында ақшаның болуын қамтамасыз
етуі тиіс, сондай-ақ есептесулерге арналған
қажетті нұсқауларды ұсынуға міндетті.
-----------------------------------------------------------------------------
KASE ресми сайтында (
http://www.kase.kz/files/mix/brkze_order_form_110125.doc
жарияланған форма бойынша өтінімдерді құжат түрінде мына мекен-жай бойынша:
050020, Алматы қ., Достық даңғ., 291/3а, факсимильді хабарлама ретінде
(+7 727) 250 77 79 нөміріне, сондай-ақ trade@kase.kz мекен-жайына e-mail
бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұсынылатын шығарылым бойынша нақтырақ ақпарат қосымша беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу және
презентацияға қатысуға тіркелу үшін "Halyk Finance" АҚ-ның өкіліне
хабарласуыңызды сұраймыз:
Охонов Фархад тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93,
e-mail: farhado@halykbank.kz .
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА, АУСТРАЛИЯДА, КАНАДАДА ЖӘНЕ
ЖАПОНИЯДА, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТӘСІЛМЕН, ТАРАТЫЛУҒА
ЖАТПАЙДЫ.
Citigroup Global Markets Limited, Deutsche Bank AG, АО Halyk Finance и J.P.
Morgan Securities Ltd. аталмыш шығарылымның Бірлескен Жетекші
Менеджерлері болып табылады.
Сіздің осы баспасөз-хабарламасын алғандығыңыз, Сіздің, 1933 жылғы АҚШ,
Бағалы қағаздар туралы Заңының 144A Ережелеріне сәйкес келтірілген,
анықтамаға сәйкес, тузетулерге ("Бағалы қағаздар туралы заң") сәйкес, білікті
институционалды сатып алушы екендігіңізді, сондай-ақ 1940 жылғы АҚШ,
Инвестициялық компаниялар туралы Заңның 2(a)(51) бөліміне сәйкес,
түзетулерге сәйкес білікті сатып алушы екендігіңіз, немесе АҚШ азаматы
немесе заңды резиденті болып табылмайтыныңызды жариялағандығызды,
растағаныңызды тұспалдайды.
ОСЫ БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТАРАТЫЛЫМЫ, БЕРІЛЕУІ ЖӘНЕ
КӨШІРМЕСІНІҢ ЖАСАЛУЫНА ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ЖАРТЫЛАЙ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН. АТАЛМЫШ
ТАЛАПТЫ НЕМЕСЕ ОСЫ ҚҰЖАТТА КӨРСЕТІЛГЕН БАСҚА КЕЗ КЕЛГЕН ШЕКТЕЛІМДЕРДІ
ОРЫНДАМАУ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ НЕМЕСЕ БАСҚА ЮРИСДИКЦИЯЛАРДЫҢ
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ӘКЕЛІП СОҚТЫРУЫ МҮМКІН.
Осы баспасөз-хабарламасы АҚШ-та (соның ішінде оныңң территориялары
мен иеліктерін, АҚШ-тың кез келген Штатын және Колумбия округін қосқанда)
Бағалы қағаздарды сатуға ұсынысын құрамайды бір бөлігі болып
табылмайды. Бағалы қағаздар Бағалы қағаздар туралы Заңда, сондай-ақ осы
заңдағы ережелер мен қаулыларда қарастырылған, қағидаларға сәйкес,
тіркеусіз немесе тіркеуден босатылуы болмағанда, Америка Құрама
Штаттарында саудаға ұсынылып, сатылмайды. Бұл ретте, Бағалы
қағаздардың кез келген орналасуының кез келген бөлігінің Америка Құрама
Штаттарында тіркелуін жүзеге асыру немесе Бағалы қағаздардың Америка
Құрама Штаттарында көпшілікке ұсынып, сату мақсаты болмайды.
Аталмыш баспасөз-хабарламасындағы ақпарат сату ұсынысы немесе сатып
улға шақыру болып табылмайды. Бұл ретте, осы құжатта көрсетілген бағалы
қағаздар, мұндай ұсыныс, шақыру немесе сатылым, кез келген
юрисдикциядағы бағалы қағаздар туралы заңнамаға сәйкес,тіркеусіз,
тіркеуден босатусыз немесе біліктіліксіз, заңсыз болып табылатын, кез келген
юрисдикцияда сатылмайды. Осы баспасөз-хабарламасын тарату белгілі бір
юрисдикциялардағы қолдансытағы заңнамаға сәйкес шектелуі мүмкін және
аталмыш баспасөз-хабарламасын алған тұлғалар мұндай шектелімдер жайлы
өздері анықтап, оладық сақталуын қамтамасыз етулері тиіс.
Осы құжат бағалы қағаздар шығарылымы аңдатпасы болып табылмайды және
жарнамалық сипатқа ие болу дәрежесінде, Бағалы қағаздарды сату немесе
сатып алуға шақыру болып табылмайды. Инвесторлар аталған құжатта
көрсетілген, кез келген Бағалы қағаздарға жазылуды, Бағдарламаға жататын,
осы Бағдарламаның аталмыш Бағалы қағаздарды орналастыруға қатысты,
соңғы шарттарға және кез келген бағалау ұсыныстарына сәйкес келетін
толықтыруды ескере отырып, бағалы қағаздар шығарылымының негізгі
аңдатпасында баяндалған, ақпараттың негізінде ғана жүзеге асыра алады.
Осы хабарлама Біріккен Корольдіктен тыс жерде орналасқан (i) тұлғаларға,
2005 ж. Бұйрықтың (бұдан әрі - "Бұйрық"), 2000 жылғы Қаржылық қызмет
көрсету және қаржы нарықтары туралы заңының (Қаржылық жәрдем) 19(5)
Бабындағы анықтамаға сәйкес, инвестициялар мәселесінде кәсіби тәжірибесі
бар тұлғаларға (ii) немесе Бұйрықтың 49(2) Бабындағы анықтамаға сәйкес ірі
жеке капиталы бар (iiі) тұлғаларға және бұл хабарлама заңны негізде берілуі
мүмкін басқа (iv) тұлғаларға (мұндай барлық тұлғалар бұдан әрі бірлесіп
"тиісті тұлғалар" деп аталады) таратылады және оларға арналады. Бағалы
қағаздардың кез келген ұсынысы, сондай-ақ кез келген шақыру, ұсыныс
немесе жазылуға келісім беру, мұндай Бағалы қағаздарды сатып алу немесе
басқаша түрде алу тек тиісті тұлғаларға ғана қол жетімді болады.
Бірлескен Жетекші Менеджерлер Бағалы қағаздардың кез келген ұсынысына
байланысты ешкімнің мүддесін қарастырмайды, тек қана Эмитент мүдессін
қарастырады және Эмитентті қоспағанда, Бірлескен Жетекші Менеджерлердің
клиенттеріне қол жетімді, сақтану құралдарын ұсынғаны, сондай-ақ мұндай
ұсынысқа қатысты кеңес бергені үшін ешкімнің алдында жауапты емес.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН НЕМЕСЕ ТӨМЕНДЕ КЕЛТІРІЛУІ МҮМКІН, ЕСКЕРТУЛЕРДЕН
БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ КЕЗ КЕЛГЕН ХАБАРЛАМАЛАР АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА,
АУСТРАЛИЯДА, КАНАДАДА ЖӘНЕ ЖАПОНИЯДА ТАРАТЫЛУҒА ЖАТПАЙДЫ, ОСЫ ХАБАРЛАМАҒА
ҚАТЫСТЫ КҮШІ ЖОҚ ЖӘНЕ ЕСКЕРІЛМЕУІ ТИІС. ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ
ТУРАЛЫ МҰНДАЙ ХАБАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЕСКЕРТУЛЕР АТАЛМЫШ ХАБАРЛАМАНЫ
BLOOMBERG НЕМЕСЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖІБЕРУДІҢ БАСҚА ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ
ЖІБЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖАСАЛАДЫ.