"нұрбанк" АҚ XS0269698246 (NRBNe2) облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.01.11 11:11
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы шешімімен 2011 жылдың 28 қаңтарында KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Нұрбанк" АҚ (Алматы) XS0269698246 халықаралық облигациялары ($150,0 млн; 17.10.06 – 17.10.11, жартыжылдық купон жылдық 9,375 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары тізілімін жүргізуді "ИФГ The Bank of New York жүзеге асырады. Аталмыш облигациялар бойынша негізгі төлемдік және трансферттік агент The Bank of New York (Лондон) болып табылады. Аталмыш облигацияларға NRBNe2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы және олардың эмитенті туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады.