"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен өздігінен қызмет көрсететін транзакциялық терминалдарды іске қосу жөніндегі бірлескен жобаны іске асырғандығы туралы хабарлады

28.01.11 11:22
/KASE, 28.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KASE-ге 2011 жылдың 28 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылатын «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттерін сату бойынша автоматты құрылғыларды - өздігінен қызмет көрсететін транзакциялық терминалдарды іске қосу жөніндегі бірлескен жобаны іске асырды. Өздігінен қызмет көрсетуші транзакциялық терминал (ӨҚТТ) - on-line режимінде билет сатуға арналған құрылғы, электрондық билет ресімдеу технологиясын қолданатын жеке тұлғалардың барлығы оны тікелей өзіне- өзі қызмет көрсету режимінде пайдалана алады. Бұл құрылғыны (ӨҚТТ) алыстағы және қала маңындағы бағыттарға қатынайтын поездарға жол жүру құжаттарын (билеттер) сатуға арналған ақпараттық-транзакциялық жүйенің құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады. Аталған жүйе темір жол көлігінің қызметін пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай арттыруға септігін тигізеді, жолаушының «Экспресс» автоматтандырылған жүйесінен анықтамалық ақпаратты өзі дербес алу, сондай-ақ жол жүретін билет құнын банк карточкасы арқылы on-line режимінде төлеу және жолақылық құжатын (билетті) сатып алу мүмкіндігі болады. ӨҚТТ құрылғысын орнату жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында жүзеге асырылып отыр. Терминалдар жаппай электрондық билет сатуды жедел қолға алуға және бұл үрдісті барынша белсенділікпен дамытуға мүмкіндік туғызады және билетті ресімдеу, сатып алу процесінің барынша ашық, бүркемесіз жүргізілуін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Жолаушылар тасымалдау қызметі 10 ӨҚТТ құрылғысын сатып алды, олар Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларының темір жол вокзалдарында орнатылды. Ағымдағы жыл ішінде еліміздің бірқатар ірі қалаларындағы темір жол вокзалдарында тағы да осындай он құрылғыны іске қосу көзделген. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ ӨҚТТ құрылғысы арқылы қызмет көрсету жобасын енгізуді 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап қолға алған болатын. Халық банкі бірлескен жоба бойынша банк-эквайер ретінде қызмет көрсетеді, бұл кез келген банктің карточкасын иеленушіге ӨҚТТ құрылғысының көмегімен билет сатып алуға мүмкіндік береді. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 7172 600 198, www.temirzholy.kz цитата соңы