"Нұрбанк" АҚ KZPC3Y07В420 (NRBNb6) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9,30 % құрады

19.01.11 10:51
/KASE, 18.01.11/ – "Нұрбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC3Y07В420 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, NRBNb6; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 24.01.08 – 24.01.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) 2011 жылдың 24 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 23 қаңтарына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,30 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 24 қаңтарына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,40 % пайызды құраған.