"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ KZP01Y05D931 (ISIN – KZ2C00000214, BRKLb1) облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.01.11 11:01
/KASE, 31.01.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы шешімімен 2011 жылдың 28 қаңтарында KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана) KZP01Y05D931 облигациялары (ISIN – KZ2C00000214; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 5 жыл; жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымдары Қазақстан Республикасы Қржы нарығын және қаржы ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігінде 2010 жылдың 27 желтоқсанында тіркелген, жалпы сомасы 15,0 млрд теңге, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК- Лизинг" АҚ бірінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі бірінші шығарылымы, аталмыш эмитенттің KASE-де листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигациялардың бірінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың қаржы кеңесшісі "ИФГ КОНТИНЕНТ" АҚ (Алматы). "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК- Лизинг" АҚ тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға BRKLb1қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Қызметтің негізгі түрі – лизингілік қызмет жасау және қызмет көрсету, соның ішінде консалтингтік қызмет көрсету бойынша қызмет жасау. Осы облигациялардың шығарылымы және олардың эмитенті туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады.