"Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ XS0583796973, US46627JAB08 (HSBKe5) халықаралық облигациялары 28 қаңтардан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

28.01.11 10:46
/KASE, 28.01.11/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2010 жылдың 22 желтоқсанындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) XS0583796973, US46627JAB08 халықаралық облигациялары ($500,0 млн; 28.01.11 – 28.01.21, жартыжылдық купон жылдық 7,25 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, аталмыш эмитенттің "Листингілік ережелер" атта Биржаның ішкі құжатының 1 тармағы 2) тармақшасындағы және 18 тармағы 2 тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2011 жылдың 28 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың Бірлескен Жетекші Менеджерлері мен букраннерлері Citigroup Global Markets Limited, Deutsche Bank AG және "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкі Еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға HSBKe5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар 28 қаңтарда KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hsbk мекен-жайы бойынша жарияланған.