S&P "Казкоммерцбанк" Ақ, "Нұрбанк" ақ және AsiaCredit Bank ақ рейтингілік бағалауын растады, болжам "тұрақты" болып өзгертілді

25.01.11 11:27
/Standard & Poor's, Париж, 24.01.11, Standard &Poor's ағылшыннан орысшаға аудармасы, KASE тақырып атауы/ – Кредиттік рейтингтер қызметі Standard & Poor's "Казкоммерцбанк" (ККБ) АҚ, "Нұрбанк" АҚ және AsiaCredit Bank АҚ – қазақстандық қаржы ұйымдарының рейтингтері бойынша өз болжамын "Негативтіден" на "Тұрақтыға" өзгертті. Сонымен қатар біз бұл банктерге бұрын берілген, контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін растадық. Біз ұлттық шәкіл бойынша Нұрбанкке "kzBB+" рейтингісін бердік. Рейтингтерді растау келесі рейтингтерге қатысты: - ККБ және Нұрбанк контрагентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері "В/С" деңгейінде; - AsiaCredit Bank АҚ контрагентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері "В/В" деңгейінде. Болжам Қазақстан Республикасы экономикасының қалпына нық келуіне орай қайта қарастырылды (шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша рейтингі: BBB/Тұрақты/A-3; ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша рейтингі: BBB+/Тұрақты/A-2; ұлттық шәкіл бойынша рейтингі: kzAAA). Біз 2011-2013 жж. жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы жылына 7% құрайды деген сенімдеміз. Қайта қалыпқа келуге мемлекет экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың таза тұрақтықұрылымдық ағымы, сондай-ақ 2020 жылға мұнай өндірудің екі еселік болжанған ұлғаюы әсер етпек. Сондай-ақ рейтингілік қызмет 2010 жылы дефолтқа ұшыраған, үш (төрттен) банкінің қайта құрылымдалуынан кейін банктік қызмет шарттарының тұрақталуын көрсетеді. Біз активтер сапансына деген қысымның төмендеуін, соңғы үш жылда жоғарғы тәуекелдерге ұшыраған, қазақстандық банктердің өтімділігі мен тиімділігін ерекше атағымыз келеді. Біз алдағы қызқа және ұзақ мерзімде қарастырылған банктердің активтер сапасы тұрақты түрде артатынын күтеміз, өйткені 2010 жылы олар ең төменгі нүктеге дейін жеткен болатын, ал өтімділік резервтері, капитал нарығында жасалған, берекшектерді және аталған банкерден өз ақшасын алатын, салымшылар төлемдерін (ең алдымен мемлекетпен байланысқан ұйымдар) өтеу үшін жеткілікті болатынын күтеміз. Бұған қоса банктер бара-бар капитализацияны сақтап қалатындарын божаймыз, бұл оларға Қазақстанның экономикасы мен банк секторына тән, тәуекелдерге төмен дәрежеде ұшырауға мүмкіндік береді. 2011 жылдың қаңтарында Қазақстанның алдын ала BICRA бағалауы (банк секторының елдік тәуекелдерінің бағалануы) 1-ден 10-ға дейінгі (тәуекелдердің ең жоғарғы деңгейі) шәкіл бойынша 9 деп (2011 жылдың 6 қаңтарында RatingsDirect жарияланған, "23 мемлекеттің банк секторлары елдік тәуекелдерінің алдын ала бағалануы" мақаласын қараңыз) белгіленді. Барлық рейтингтер бұл банктердің жеке несиеге қабілеттілігі сипаттамасының біз жасаған бағалауға негізделеді және оған негізгі топтардан немесе мемлекеттен жедел қолдау алу мүмкіндігі үшін ешқандай "қосымша" бағалау енгізілмеген. "Казкоммерцбанк" АҚ ККБ бойынша рейтингілік қызмет бұл банктің мемлекет тарапынан жалғасып жатқан қолдауымен түсіндіріледі, бұл банкті біз жоғары жүйелік маңыздылығы бар, ұйымдарға жатқызамыз, сондай-ақ ККБ-ның өзінің бизнес- және операциялық позицияларын түзету және оған күрделі опеарциялық жағдайларға бейімделуге көмектескен, жеке капиталымен қарызға алған капиталын алмастыру бойынша сарапталған және тиімді әрекеттерімен түсіндіріледі. Рейтингтер деңгейі ККБ активтері сапасының төмендігін, сыртқы борыштардан тәуелділігін, шағын клиенттер тобына корпоративтік несиелердің және депозиттердің шектеулі капитализациясы мен жоғарғы концетрациясын көрсетеді.басқа жақтан алып қарағанда, рейтингтер ККБ-ның, әсіресе, ірі қазақстандық корпоративтік клиенттері сегментіндегі, жақсы нарықтық позициясын және негізгі қызметтен түсетін кірістіліктің, шығындарды тиімді басқару әсер ететін, бара-бар көрсеткіштерін ескереді. ККБ – Қазақстанның ірі банктерінің бірі. 2010 жылдың 30 қыркүйегінде оның жалпы активтері 2,7 трлн теңгені (шамамен 17,5 млрд долл.) құрады. 2010 жылдың 30 қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша, қазақстандық банк жүйесі активтерінің 21%, жалпы кредиттік портфельдің 25%, жеке тұлғалар салымының 19%, заңды тұлғалар салымының 22% ККБ үлесіне тиесілі болды. 2009 жылдың мамырында Қазақстан Үкіметі 36 млрд теңге көлемінде капитал құю арқылы банк акцияларының 21% сатып алды, алайда, біздің түсінуімізше, нарықтық жағдай тұрақталысымен, Үкімет ККБ капиталынан шығуды көздеп отыр. Тікелей мемлекеттік қаржыландыру банк міндеттемелерінің кемінде 10% құрайды, алайды, бізідің бағалауымыз бойынша, ККБ депозиттік портфелінің 40% мемлекеттік омпаниялармен байланысты. Біз 2010 жылдығ 30 қыркүйегінде 48% құрайтын, құнсыздану сипатындағы несиелер үлесі (қайта құырылмданғандарды қосқанда) 2011 жылы шамалап қана төмендейтінін күтудеміз. Бұл жағдай банктің капитализациясы мен қаржы нәтижелеріне бұрынғысынша кері әсерін тигізіп отырады. Капитал нарығында жасалған, 2011 жылы шамамен 700 млн долларды құрауы тиіс, берешекті өтеу шығындары және депозиттік портфельдің маңызды концентрациясы банк өтімділігін басқаруға кедергі келтіруін жалғастыруды. "Нұрбанк" АҚ Біздң ойымызша, Нұрбанк бойынша рейтингілік қызмет банктің өзіне қажетті резервтермен қамтамасыз етуімен түсіндіріледі, бұл мақсатта банк 2010 жылдың ортасында шығындарды арттырып, жыл соңында өз капиталын арттырды. Рейтингтер деңгейі активтер сапасының төмендігін, Нұрбанктің кредиттік портфелінің және фондтануының жоғары концентрациясын, сондай-ақ банктің қиын уақыттарда басынан кешкен, құрылыс және жылжымайтын мүлік секторын қаржыландыруына байланысты, айтарлықтай тәуекелдерін көрсетеді. Аталған жағымсыз факторларға қарсы капитализацияның өсуін, несиелер бойынша мүмкін болатын шығындарға ұлғайған резервтерді, 2010 жылы қалыптастырылған, басқару командасын күшейтуді және аталмыш банктің өтімділігін бара-бар басқарылуын қоюға болады. 2010 жылы есеп берушілікте көрсетілген проблемалық несиелер үлесі (төлем мерзімін 90 күннен артық ұзартумен): жылдың ортасында 8,9% құрады. Алайда, біздің бағалауымызша, құнсыздану сипатындағы (қайта құрылымдауды қосқанда) несиелер үлесі 40% жақын түсті. Дегенмен, біздің пікірімізше, резервтермен өтеу дейгейі жеткілікті: 2010 жылы резервтерге бөлінген ақшаның едәуір ұлғаюының арқасында 23,4% құрады. Баланста көрсетілген өтімділік резерві және фондтау профилі қолайлы. Шетелдік берешектің жуырда өтелуінің және депозиттердің өсуінің арқасында Нұрбанк пассивтерінің құрылымындағы сыртқы міндеттемелер үлесі төмендеді және 2010 жылдың ортасында 9,4% құрады, бұл Қазақстанның банк секторы орташа көрсеткішінен төмен. Алайда депозиттердің және кредиттік портфельдің жоғарғы концентрациясы сақталады, бұл пролонгацияға байланысты тәуекелді арта түспек. AsiaCredit Bank АҚ AsiaCredit Bank бойынша рейтингілік қызмет бұл банктің 2010-2011 жылы өз капиталын 100 млн долларға арттыру шешімімен, сондай-ақ оның активтері сапасының жағымды динамикасымен анықталады. AsiaCredit Bank рейтингтер деңгейі бұл банктің ішкі клиенттік нарықтағы шағын үлесін, активтер сапасының және кірістілігінің әлсіз көрсеткіштерін, сондай-ақ кейінгі өсуінің агрессивті жоспарларын көрсетеді. Рейтингтер деңгейіне аталмыш банктің жоғары капитализациясы жағымды әсер береді, оның сақталуына капиталдың болжамалы едәуір ұлғаюы және қысқа мерзімді өтімділіктің жақсы деңгейі ықпал етеді. AsiaCredit Bank – Қазақстынның банктік жүйесінің активтер жиынтығының шамамен 0,1% активі бар шағын коммерциялық банк. 2010 жылдың 30 қыркүйегінде оның капиталды негізінің абсолютті шамасы небары 6,1 млрд теңгені (шамамен 40 млн долл.) құрады, сол себептен сыртқы қолайсыз қауіптер және оның ірі клиенттерінің қаржы жағдайының нашарлауы алдына әлсіз. Бақылаушы акционерлер – қазақстандық бизнесмендер Нұрбол Сұлтан және Шыңғыс Досмұхамбетов - AsiaCredit Bank-тің минималды капиталға регуляторының талаптарын орындауын қамтамасыз ету және банктің орта мерзімдік өсу стратегиясын жүзеге асыруға көмек беру үшін 2010- 2011 жж.банк капиталына 100 млн долл. (шамамен 15 млрд теңге) бөлуді жоспарлап отыр. 2010 жылдың қыркүйегінде банк Сұлтан мырзадан 7,4 млрд теңге алды, қазіргі уақыттар бұл қаражат депозит ретінде есептеледі. Капиталға салынған бұл салым тәуекелді есептеумен (risk-adjusted capital, RAC) тұзетілген, капитал көрсеткішінің едәуір ұлғаюына ықпал етуі тиіс, бізідің есептеуімізше, аталған тәуекел 2009 жылдың соңында 18,9% (тузетулерді есептегенде) құрады және Standard & Poor’s рейтингілері бар, қазақстандық банктердің арасында ең жоғарғы болып табылады. Біздің пікірімізше, AsiaCredit Bank активтерінің сапасы жақсарып келеді: проблемалық кредиттер үлесі (қайта құрылымдалған және есептен шығарылған несиелерді қосқанда, төлем мерзімін 90 күннен артық ұзартумен) 2009 жылдың соңындағы 13%-дан 2010 жылдың 30 қыркүйегіндегі 10,8% дейін төмендеді. Біз мұны ең алдымен AsiaCredit Bank бизнесінің 2000 жылдардың ортасында ұқсас банктермен салыстырғанда көбінде "консервативті" өсуімен байланыстырамыз. Құрылыс және жылжымайтын мүлік секторлары компанияларына берілген, несиелер (2010 жылдың 30 қыркүйегінде несиелік берешектің, соның ішінде тұрғын үй ипотекалық несиелер бойынша 41%) несиелік тәуекелді арттырады. Несиелердің депозиттерге деген тиімді қатынасын (2010 жылдың 30 қыркүйегінде 117%) және сыртқы борыштар бойынша міндеттемелердің жоқтығын ескере отырып, фондтау және өтімділік позициясын бара-бар деп бағалаймыз. Рейтинг-бет дейін бастап "Казкоммерцбанк" АҚ "Нұрбанк" АҚ Контрагенттің несиелік рейтингі В/Тұрақты/СВ/Негативті/С AsiaCredit Bank АҚ Контрагенттің несиелік рейтингі В/Тұрақты/ВВ/Негативті/В "Нұрбанк" АҚ жаңа рейтингі Ұлттық шәкіл бойынша kzBB+ Талдаушылар байланыстары: Екатерина Трофимова, Париж, 33 (1) 44 20 67 86 ekaterina_trofimova@standardandpoors.com Магар Куюмджян, Лондон, (44) 207 176 72 17 magar_kouyoumdjian@standardandpoors.com Аннет Эсс, Франкфурт, 49 (69) 33 999 157 annette_ess@standardandpoors.com GroupE-MailAddress@standardandpoors.com