"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) АҚШ территориясында қайта құрылымдау қорытындыларының тұрақты түрде заңды қорғалуына қол жеткізгендігін хабарлады

12.01.11 10:41
/KASE, 12.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 11 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға жолдап, былай деп хабарлды. Бүгін БТА Банк (бұдан әрі - Банк) 2011 жылдың 06 қаңтарында Нью-Йорктің Оңтүстік округына қарасты, қаржылық дәрменсіздік жөніндегі АҚШ соты (бұдан әрі - Сот) "Банкроттық туралы АҚШ заңдарының жинағының" 15 Бабына сәйкес барлық сот өндірістерінің аяқталуы туралы Банктің өтінішін мақұлдады, сондай-ақ Алматы қаласы мамандандырылған қаржы соты мақұлдаған, Банктің қайта құрылымдалуы жоспарының шарттарын бұзуы мүмкін, АҚШ территориясындағы кез келген әрекетке қатысты мерзімсіз соттық тыйым салды (Тыйым салу шешімі). АҚШ сотының 2010 жылдың 2 науырызында АҚШ территориясында негізгі шетелдік өндіріс ретінде БТА Банкінің қайта құрылымдауын мойындау туралы бұйрық шығарғандығын бұдан бұрын Банк хабарлаған болатын. Аталмыш бұйрық Банктің қайта құрылдалуы процесінің аяқталуына дейінгі заңды қорғанысын қамтамасыз етті, соның ішінде Банкке немесе оның АҚШ территориясындағы активтеріне қатысты кез келген соттық процестердің мерзімін ұзартты. 2011 жылдың 6 қаңтарындағы Тыйым салу шешімі Банктен немесе оның АҚШ территориясындағы активтерінен берешектерді өндіріп алудың кез келген талпынысты оқшаулай отырып, аталған қорғанысты шектеусіз мерзімге ұзартты. Бұл ретте аталған Тыйым салу шешімі Банктің қайта құрылымдалу Жоспарында қарастырылған, кез келген құқықтың орындалуына кедергі келтірмейді. Сонымен, Тыйым салу шешімі, сондай-ақ Англия және Уэльс Әділеттілігі Жоғарғы Сотының 2010 жылдың 16 тамызындағы бұйрығы АҚШ және Ұлыбритания территориясында Банктің қайта құрылымдалуы қорытындыларының тұрақты заңды қорғалуын қамтамасыз етеді, себебі қайта құрылымдау Жоспарына қайшы келетін кез келген әрекетке екі жақта да тыйым салынған. БАҚ-қа арналған байланыстар: тел. +7 727 312 24 26, 261 89 28 e-mail: pr@bta.kzwww.bta.kz