"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің 2010 жылдың 14 желтоқсанындағы шешімі туралы хабарлады

12.01.11 09:54
/KASE, 12.01.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі цитатада – Банк) Директорлар кеңесінің 2010 жылдың 14 желтоқсанында, жасалуы мүдделікті қарастыратын, мәмілелер бойынша келесі шешімдерді қабылдағаны туралы Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. - а) Банктің ЮниКредит Групп мүшелерімен 2010 жылдың 01 қазанынан 2010 жылдың 31 қазанына дейінгі кезеңде жасасқан қазынашылық мәмілелер бекітілді; - б) ЮниКредит Групп мүшелерімен 2010 жылдың 01 қазанынан 2010 жылдың 31 қазанына дейінгі кезеңде жасасқан, Банктің транзакциондық корпоративтік өнімдері Департаментінің мәмілелері бекітілді; - в) Аустралиялық ЮниКредит Банктен 200 млн. АҚШ долларына дейінгі көлемде қарыз алу бекітілді; - г) есеп-шотты ашудың және оған қызмет көрсетудің стандартты келісім шарты-шарты бойынша "УКТАМ РК" ЖШС ағымдағы есеп- шотын ашу бекітілді; - д) "ЮниКредит Банк" ЖАҚ (Ресей) арқылы 100 млн. АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржыландыру мәмілесі бекітілді; - е) "АТФБанк" АҚ және "АТФИнкассация" ЖШС арасында кеңсені өтеусіз пайдалану келісім-шарты бекітілді; - ж) Талаптан қайту құқығы және Банктің депозиттерді орналастыруы бойынша "Банк Сибирь" ЖАҚ-мен жасасқан мәмілелер бекітілді. Акционерлер туындаған сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласа алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Фурманов көш., 100, "АТФБанк" АҚ, "Директорлар кеңесінің Аппаратына" жазуымен.