KZ
RU
EN
15 шілде 2026, 21:46
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.07.2026 16:25 #Қаржы құралдары

08 шілдеден бастап "KARAT PLAZA" ЖШС ("КАРАТ ПЛАЗА") KZ2P00018716 (KRPLpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 08.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 07 шілдесінде "KARAT PLAZA" ЖШС ("КАРАТ ПЛАЗА") (Алматы) KZ2P00018716 (KRPLpp1; 1 000 KZT, 300,0 млн KZT; 1 жыл 1 ай; жарты жылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 08 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Аталған облигациялардың шығарылымы "KASE SME Qadam Bonds" бағдарламасы бойынша енгізілген.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-07-08]