KZ
RU
EN
9 маусым 2026, 08:30
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.06.2026 16:01 #Корпоративтік уақиғалар

"Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 08 шілдеде өткізу туралы хабарлама

/KASE, 08.06.25/ – "Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ (KASE тикері – ALTV) 2026 жылдың 08 шілдесінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) 2025 жылдың қорытындысы бойынша қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;

2) 2025 қаржы жылының қорытындылары бойынша қоғамның таза табысын бөлу тәртібін анықтау туралы, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін анықтау туралы;

3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;

4) қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының 2025 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2026-06-08]