KZ
12 қараша 2025, 06:40
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.11.2025 17:27 #KASE жаңалықтары

KASE акционерлері уәкілетті органға бағалы қағаздар нарығындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру құқығы қызмет түрін алып тастау туралы ерікті өтінішті мақұлдады

/KASE, 11.11.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) акционерлері 2025 жылдың 11 қарашасында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында мынадай шешім қабылдады:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 2012 жылдың 19 шілдесіндегі № 4.2.3/1 KASE лицензиясында көзделген қызметтің мынадай түрін алып тастау туралы уәкілетті органға ерікті өтініш мақұлдансын: "Бағалы қағаздар нарығындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызмет".

Бұл шешім клирингілік және есеп айырысу функцияларын, сондай-ақ барлық биржалық нарықтардағы орталық контрагенттің функцияларын Биржадан оның 100 % еншілес компаниясы – "KASE Клиринг орталығы" АҚ (Клирингілік орталық) беруіне байланысты қабылданды.

Бүгінгі күні Клирингілік орталық биржалық валюта және қор нарықтарында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған 2025 жылдың 10 маусымындағы № 3.2.257 лицензия және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2023 жылдың 28 тамызындағы № 4.3.22 банк операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде туынды құралдар нарығында клирингілік қызметті жүзеге асыратын және орталық контрагенттің қызметтерін көрсететін ұйым болып табылады.

[2025-11-11]