11 қараша күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 11.11.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 13 қарашада болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 22 671 460 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 83,5035 % (кірістілік – жылдық 17,15 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 83,5270 % құрады (кірістілік – жылдық 17,13 %)
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 13 қарашада болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 2 жыл МЕУКАМ KZKD00000659 (MUM096_0014) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-11]