Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы" АҚ KZ2C00003291 (CAEPb2) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 11.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 11 маусымынан бастап "Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы" АҚ (Астана) KZ2C00003291 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CAEPb2; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 11.06.15 – 11.06.25; жартыжылдық купон, жылдық 6,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталды.
Көрсетілген облигациялар 2015 жылдың 11 маусымынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың 17 маусымынан бастап ашылды.
[2025-06-11]