KZ
13 мамыр 2025, 21:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.05.2025 11:07 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың сәуіріндегі KASE МБҚ нарығына шолу

/KASE, 13.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығына қысқаша шолу ұсынады.

2025 жылдың сәуір айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 111 облигациялар шығарылымы, оның ішінде 99 МЕКАМ шығарылымы және 12 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ноталарының бір шығарылымы, жергілікті атқарушы органдар облигацияларының 187 шығарылымы және шет мемлекеттер облигацияларының 67 шығарылымы болды.

Сәуір айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 791,1 млрд теңгені ($1,5 млрд) құрады және наурызбен салыстырғанда 17,1 %-ға немесе 163,3 млрд теңгеге төмендеді. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 36,0 млрд теңгені (қайталама нарықта – 8,7 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 15 (қайталама нарықта – 13), бір мәміленің орташа көлемі – 2,4 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,7 млрд теңге) құрады.

Бастапқы нарықта сәуір айында жалпы сомасы 599,3 млрд теңгеге ($1,2 млрд) 56 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,5 %-ға немесе 15,1 млрд теңгеге төмен:

--------------------------------------------------------------------------------------------------
                                              Сауда-  Сауда- Ұсыным-ға сұраным      Орташа  Өтеуге
Орналасты-ру күні                             саттық  саттық                    сараланған   дейін
                  Сауда-саттық     ISIN      көлемі, көлемі,                   кірістілік. мерзім,
                  код                       млрд KZT млн USD                           , %     жыл
----------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- ----------- -------
01.04.2025        MUM072_0014  KZKD00001210     51,1   101,3            103,8%       15,50     0,3
                  MUM084_0020  KZKD00001285     23,2    46,0            135,6%       14,60     0,1
                  MUM180_0004  KZKD00000444     36,6    72,5            141,9%       15,78     0,7
----------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- ----------- -------
08.04.2025        MUM096_0013  KZKD00001202     70,9   136,7            137,3%       15,40     0,2
                  MUM180_0005  KZKD00000493     47,7    92,0              х2,9       15,60     0,6
                  MUM180_0013  KZKD00000931     39,9    76,9            116,4%       14,45     0,1
----------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- ----------- -------
15.04.2025        MUM120_0020  KZKD00001269     54,8   105,7            108,6%       14,16     0,1
                  MUM192_0001  KZKD00000477     85,6   165,3              х2,6       15,60     0,4
----------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- ----------- -------
18.04.2025        DZK024_213   KZMJ00002137      3,0     5,7              100%        0,35     2,0
                  KSK024_211   KZMJ00002111      2,8     5,4              100%        0,35     2,0
                  SHK022_016   KZSJ00000168     21,3    40,7              100%        4,24     1,8
                  ZKK024_212   KZMJ00002129      1,5     2,8              100%        0,35     2,0
----------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- ----------- -------
22.04.2025        MKM012_0160  KZK100000373     19,4    37,2              x4,5       15,51     1,3
                  MUM072_0014  KZKD00001210     56,3   108,0              x2,1       15,50     0,3
                  MUM096_0013  KZKD00001202     62,8   120,4            150,8%       15,40     0,2
                  MUM216_0001  KZKD00000972     22,5    43,2            113,5%       14,13     0,1
----------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- ----------- -------
БАРЛЫҒЫ                                        599,3 1 159,8                                      
--------------------------------------------------------------------------------------------------

Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 9,6 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 84,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 5,4 %, брокерлік- дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,7 %-дан кем болды. Бейрезиденттер сәуір айында МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысқан жоқ.

Қайталама нарықта сәуір айында жалпы сомасы 191,8 млрд теңгеге ($375,5 млн) 275 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 43,6 %- ға немесе 148,3 млрд теңгеге төмен.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 37,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 2,4 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 54,0 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 3,5 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің қатысуы 14,3 %-ға бағаланады.

Сәуір айының қорытындысы бойынша МБҚ индексі келесі өзгерістерді көрсетті:

--------------------------------------------------------------------------
                                                                Бір айдағы
                                                30.04.25 ж.б.     өзгеріс,
                                                         мәні теңге / б.т.
----------------------------------------------- ------------- ------------
                     "Таза" бағалар индекстері, теңге                     
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                   1 156,64        -1,08
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен            944,82        -4,77
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам                        831,51        +2,17
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп        920,56        +1,02
KZGB_CP сегменттеу мерзімі жоқ                         950,97        +5,45
--------------------------------------------------------------------------
                 "Таза емес" бағалардың индекстері, теңге                 
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                   1 331,84        +8,82
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен          1 197,45        -2,77
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам                      1 067,53       +13,29
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп      1 079,93       +10,66
KZGB_DP сегменттеу мерзімі жоқ                       1 096,09       +12,71
----------------------------------------------- -------------             
                         Кірістілік индекстері, %                         
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен                       15,82      +197,00
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен              14,94       +36,00
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам                          14,41        -2,00
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп          14,75       +16,00
KZGB_Y сегменттеу мерзімі жоқ                           14,75       +10,00
--------------------------------------------------------------------------

[2025-05-13]