Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE "Ring the Bell for Climate 2024" сауда-саттықтың ашылу салтанатын өткізді
/KASE, 27.11.24/ – 2024 жылдың 26 қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) Дүниежүзілік биржалар Федерациясының жаһандық бастамасы шеңберінде "Ring the Bell for Climate 2024" сауда-саттығының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.
Іс-шараға экономиканың түрлі секторларын, қаржы саласын, экологиялық ұйымдарды, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық институттарды ұсынатын қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
Рәсім климаттық күн тәртібінің, экологияның және KASE-тің көміртегі нарығын дамытудағы рөлін талқылау үшін маңызды уақиға болды.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2024-11-27]