KZ
25 маусым 2025, 10:41
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.10.2024 11:30 #KASE жаңалықтары

АНОНС: 18 ҚАЗАНДА KASE BI DEVELOPMENT LTD. ЖЕКЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 17.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 қазанында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде институционалдық инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін BI Development Ltd. жеке компаниясының (бұдан әрі – BI Development Ltd.) өкілдерімен кездесу өтетінін хабарлайды.

Іс-шараның басталуы – Алматы қаласының уақытымен 11:00, өткізу орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE баспасөз-румы.

Кездесу барысында BI Development Ltd. өкілдері теңгелік және долларлық облигацияларды шығару мен KASE-де орналастыруға байланысты таныстыру рәсімін өткізеді.

Іс-шараның спикерлері:

  • Руслан Ембергенов, BI Development Ltd. қаржы директоры;
  • Сәкен Абильмажинов, BI Development Ltd. корпоративтік қаржы және қазынашылық жөніндегі басшысы;
  • Аманат Искаков, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest"АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры;
  • Роман Асильбеков, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  • Санжар Оспанов, "First Heartland Jusan Invest" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің басқарушы директоры.

Тіркелу үшін customers@kase.kz электрондық поштасы мекен-жайына хабарласу қажет.

[2024-10-17]