KZ
23 маусым 2025, 20:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.10.2024 15:15 #Қаржы құралдары

02 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 01.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін, AT&T Inc. (АҚШ)US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын KASE-де хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 қазанынан бастап қайта басталады.

[2024-10-01]