Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Kazakhstan Local Currency Bond Market" конференциясын өткізді
/KASE, 25.09.24/ – 2024 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасы (KASE) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Citibank N. A. қолдауымен Лондон қаласында (Ұлыбритания) "Kazakhstan Local Currency Bond Market" тақырыбында конференция өткізді.
Іс-шараның мақсаты шетелдік инвесторларды қазақстандық қор нарығына, бірінші кезекте мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына тарту болып табылады.
Іс-шара аясында оның қатысушыларына Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері, нарық құрылымы және оның болашағы туралы толық ақпарат ұсынылды. Спикерлер қазақстандағы макроэкономикалық перспективалар мен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады.
Осы іс-шараға арналған баспасөз млімдемесі KASE интернет-ресурсында жарияланды:
[2024-09-25]