Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"RG Brands Kazakhstan" ЖШС жалғыз қатысушысы компанияның 2023 жылдағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 13.09.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы) KASE-ге оның жалғыз қатысушысының 2024 жылдың 29 тамызындағы шешімдері туралы хабарлады:
- компанияның 2023 жылдағы қызметінің нәтижелері бекітілсін;
- 2023 қаржы жылдағы 2 172 089 000,00 теңге мөлшерінде таза пайданы жалғыз қатысушыға дивидендтер төлемей, компанияны дамытуға бағыттау.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2024-09-13]