10 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 қыркүйекте болатын МЕОКАМ KZKD00000679 (MUM060_0052) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 10.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 12 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕОКАМ KZKD00000679 (MUM060_0052) мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 22 102 573 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 95,5731 % (кірістілігі – жылдық 13,20%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 95,5856 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,19%).
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 қыркүйекте болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 1,9 жыл KZKD00000679 (MUM060_0052) МЕОКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-09-10]