Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Бенкала" тау-кен компаниясы" АҚ акционерлері компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 01.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бенкала" тау-кен компаниясы" АҚ (Ақтөбе) 2024 жылдың 15 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі тоғыз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2024-08-01]