Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE 2024 жылдың II тоқсаны және бірінші жартыжылдығы үшін биржалық нарық жұмысының қорытындыларын шығарды
/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 187,2 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,7 %-ға немесе 29,4 трлн теңгеге өсті .
- Жыл басынан бері KASE Индексінің мәні 23,0 %-ға 5 151,81 тармаққа дейін өсті.
- Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 20,8 %-ға немесе 5,6 трлн теңгеге 32,3 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 4,3 %-ға 14,1 трлн теңгеге дейін өсті.
- 2024 жылдың басынан бері листинг процедурасынан 15 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, біреуі KASE Global секторында және 13 корпоративтік облигациялар секторында.
- 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 698 эмитенттердің 252 атауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, деривативтер нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE-нің баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған:
[2024-07-15]