KZ
15 маусым 2025, 23:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.07.2024 14:50 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ 05 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 15.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2024 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 05 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі-Тізім) айқындалғаны туралы хабарлайды.

Көрсетілген шешімге сәйкес 2024 жылдың 05 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

-------------------------------------------------------------------------------
      Акция                                               ---- --------- ------
# п/п коды      ISIN     Эмитент                           Fi*       Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ -------------------------------- ---- --------- ------
  1   AIRA  KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ                  42,0 1,0000000    7,9
  2   CCBN  KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ            40,4 1,0000000    9,1
  3   HSBK  KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 30,5 0,3280386   13,6
  4   KCEL  KZ1C00000876 "Кселл" АҚ                       34,1 1,0000000   11,9
  5   KEGC  KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ                       15,0 1,0000000    3,7
  6   KMGZ  KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК" АҚ             3,0 1,0000000   14,9
  7   KSPI  KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ                    30,5 0,0774122   17,3
  8   KZAP  KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ       25,0 0,2004022   14,9
  9   KZTK  KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ                19,1 1,0000000    4,8
 10   KZTO  KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ                 10,0 1,0000000    1,9
-------------------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, Үлес параметрлері 2024 жылдың 12 шілдесіне сәйкес көрсетілген. 
Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2024 жылдың 05 тамыздың 
басындағы Fi, Ri. Үлес параметрлері 2024 жылдың 01 шілдесіндегі 
акциялардың ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына 
сәйкес қайта есептеледі.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы, 01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.04.24-те еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 12.07.24-те тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-07-15]