KZ
21 маусым 2025, 16:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.07.2024 17:25 #Сауда-саттық ақпараты

10 шілдеде Қызылорда облысы мен Астана қаласының әкімдіктері KASE арқылы 30,5 млрд теңге тартты

/KASE, 10.07.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:

1) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001881 (KOK024_188, 1 000 теңге, 5 450 000 000 теңге; 10.07.24 – 10.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 5,5 млрд теңге;

2) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000136 (ASK022_013, 1 000 теңге, 25 000 000 000,00 теңге; 10.07.24 – 10.05.26; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 25,0 млрд теңге.

Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды.

[2024-07-10]