KZ
14 маусым 2025, 21:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.07.2024 10:11 #Қаржы құралдары

Еуразиялық даму банкінің XS2361431476 (EABRe4) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды

/KASE, 09.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 шілдесінен бастап Еуразиялық даму банкінің XS2361431476 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe4; 21,5 млрд теңге; 08.07.21 – 08.07.24; жартыжылдық купон, жылдық 10,00%; 30/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімнен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2022 жылдың 04 мамырынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 18 мамырынан бастап ашылды.

[2024-07-09]