KZ
15 маусым 2025, 22:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.04.2024 14:04 #Бағалы қағаздар

"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 25.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 8 602 187 дана;
  • компанияның 6 311 967 жай акциялары орналастырылған;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып табылады, оның меншігінде 6 281 242 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,51% ) бар.

[2024-04-25]