Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00011004 (EABRb50) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 09.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 сәуірiнен бастап Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00011004 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb50; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 09.04.24 – 01.10.24; actual/365) облигацияларымен KASE-де сауда- саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-04-09]