02 сәуірден бастап KASE-де Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058HT33 (IBRDe4) және Еуропалық қайта құру және даму банкінің US29874QEX88 (EBRDE24) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 01.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 сәуірінен бастап KASE-де келесі халықаралық облигациялармен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
1) Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058HT33 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IBRDe4; $3,5 млрд; 15.01.20 – 15.01.25, жарты жылдық купон, жылдық 1,625 %; 30/360);
2) Еуропалық қайта құру және даму банкі US29874QEX88 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe24; $3,0 млрд; 09.03.23 – 09.03.28, жарты жылдық купон, жылдық 4,375 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтемелер бойынша жарияланды толығырақ және толығырақ
[2024-04-01]