KZ
12 қараша 2025, 09:52
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.01.2024 15:18 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ 05 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН АРНАЛҒАН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 12.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2024 жылдың 09 қаңтарындағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" (бұдан әрі – Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2024 жылдың 05 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі анықталғанын хабарлайды (бұдан әрі – Тізім).

Аталған шешімге сәйкес 2024 жылдың 05 ақпанынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

---------------------------------------------------------------------
      Акция                                     ---- --------- ------
# р/с коды      ISIN     Эмитент                 Fi*       Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ ---------------------- ---- --------- ------
  1   CCBN  KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ  40,4 1,0000000    8,7
  2   HSBK  KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2510767   14,8
                         банкі" АҚ                                   
  3   KCEL  KZ1C00000876 "Кселл" АҚ             34,1 1,0000000   14,4
  4   KEGC  KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ              15,0 1,0000000    6,5
  5   KMGZ  KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК" АҚ   3,0 0,6511835   14,5
  6   KSPI  KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz"          24,5 0,0645528   14,8
  7   KZAP  KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп"     25,0 0,1131489   15,3
                         ҰАК" АҚ                                     
  8   KZTK  KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ      19,1 1,0000000    7,7
  9   KZTO  KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ       10,0 1,0000000    3,5
---------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2024 жылдың 12 қаңтарында көрсетілген. 
Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2024 жылдың 05 ақпанының 
басындағы Fi, Ri параметрлері, үлесі 2024 жылдың 01 қаңтарындағы 
акциялардың ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына 
сәйкес қайта есептелетін болады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.01.24 ж.б. еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 31.01.24 ж.б. тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Доля – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2024-01-12]